ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЦИРКІ «ЕР ТӨСТІК» ЕРТЕГІСІНІҢ ЖЕЛІСІ БОЙЫНША ЛАЗЕРЛІК ШОУЫН БАСТАДЫ

24.07. 2017 ТРК «Қазақстан», тілші Лаура Қуанышқызы «ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЦИРКІ «ЕР ТӨСТІК» ЕРТЕГІСІНІҢ ЖЕЛІСІ БОЙЫНША ЛАЗЕРЛІК ШОУЫН БАСТАДЫ».



Алматылықтар асыға күткен қойылымға келушілер көп. Әсіресе, балалардың қуанышында шек жоқ.

«Ер Төстік» қойылымына цирк ұжымы 3 айдан астам дамылсыз дайындалған. Себебі, лазерлік шоу қолданылды. Ерекшелігі де осы. Оған 65 әртіс жұмылдырылған. «Өте күрделі болған соң, әлегі де аз болмады», — дейді режиссер.