Цирк саңлақтарын төл мерекесімен құттықтаған тұңғыш министр

19.04.2020 г. Газета «EGEMEN QAZAQSTAN” материал Айнал Есалы «Цирк саңлақтарын төл мерекесімен құттықтаған тұңғыш министр»

Міне, Дүниежүзілік цирк күні де келіп жетті. Кәсіпқой цирк артистері үшін бұл мерекенің орны бөлек. Қателесуді кешірмейтін өнердің дара түрі цирк майталмандарының тағдыры десек те болғандай.

Биылғы Бүкіләлемдік цирк өнерінің төл мерекесі Қазақ циркінің тұсауын кескен мерейтойыменде орайлас. Биыл Қазақ Мемлекеттік циркі өзінің жарты ғасырлық шежіресін тарихтың еншісіне берді.

Сонымен сәуірдің үшінші аптасы Дүниежүзілік  Цирк күні болып бекітіліп, сонау 2009 жылдан бері дүниежүзіндегі цирк қызметкерлері бірауыздан кәсіби мерекені әртүрлі шаралармен атап өтіп, бір бірін құттықтап жатады. Өкінішке орай биылғы жылы көп мемлекеттер карантиндік жағдайда осы мерекені түрлі челендждермен қашықтықан атап өтуде.

Цирк өнері халықаралық өнер сондықтан да оның аясы өте үлкен және ең бір қызығы жер әлемдегі цирк артистері бірін бірі таниды.  Ондай таныстық басқа өнер саласында кездесе бермейді. Себебі қаупі мен қатері мол өнерге нағыз фанаттар мен тәуекелге бел буған нағыз жанкешті еңбекқор адам ғана келіп соның бар қияметіне шыдап,  күштілікпен самдағайлыққа туғаннан бейімі бар дара адамдар ғана цирк артисі бола алады.

– Осы аталған кәсіби мерекемізде  биылғы жылы күтпеген үлкен тамаша жаңалық болды!

Кәсіби мерекемізбен Қазақстандағы  цирк мамандарын Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлованың өзі құттықтап жылы лебізімен  цирк артистері мен мамандарының көңілін көтеріп кішіпейілділігі мен парасаттылығын көрсетті. Бұрын-соңды мұндай кәсіби мерекемен бірде бір жоғары лауазымды қызметкер құттықтамақ түгіл ойына да алмаған болуы керек.

Бұл құттықтау біздің Қазақ мемлекеттік циркі үшін өте маңызды, себебі биылғы жыл цирк өнерінің қарашаңырағына 50 жыл толып отыр. Осыған орай жартығасырлық тарихы бар қазақ циркі жайлы «Қазақстандағы цирк өнерінің бастаулары мен дамуы» атты алғашқы монографиялық кітап жазылып көпшілікке жеткізілді.Көп адамдардың түсінігінде цирк өнері қазақ даласына кенжелеп келген деген қате пікір қалыптасқан. Ол мүлдем дұрыс емес адам баласының ішінде атты алғаш рет қолға үйреткен атамыз қазақтың күнделікті тіршілігімен ойын сауықтағы қолданған әрекеттерінің біразы цирк манежінде трюкке айналып отыр. Сондықтан цирк өнерін бөле  қарауға болмайтынын министр ханым есімізге салғандай. 

Құрметті көпшілік, байқасаңыздар бүгінгі таңда Мәдениет министрлігінің бастамаларымен талай жақсы шаралар ұйымдастырылып отырғанын көруге болады, әйтпесе бұрын басынан қиқу кетпеген министрлік бүгінгі таңда жүйелі жұмыстарымен көпшіліктің көңілінен шығып отыр деген ойдамын. Себебі өз ісінің мамандары  министр, вице-министр мырза да таза өнер адамдары және бар мән-жайды ішінен білетін әккі қызметкерлер. Қазақ «Тышқан сойсада қасапшы сойсын» дейді. Кез келген салада осындай өз ісінің мамандары отырса қия басып қателеспейтінімізге кәміл сенем. Әрине, көрмес түйені де көрмес деген, тырнақ астынан кір іздеп анау былай болмады, мынау былай болмады  деп кер тартып отырсақ онда ел болуымызға нұқсан келтіреміз. Осындай кез келген жақсы дүниені дәріптеп отырсақ біз осындай жақсы пиғылмен жастарды тәрбиелейміз.

Қазір жастарға обал болуда, олар жақсы мен жаманды ажыратудан қалып барады, өйткені қай жерде болмасын біреуді біреу қаралау, жамандау, сонда бізідің жақсыларымыз қайсы, біз бір сондай мешеу ұлт емеспіз ғой. Сондықтан да осындай жақсы дүниелерді көбірек айтсақ мына бүгінгі таңда елімізде белең алып отырған індет жағдайында көңілдері түсіп күмәнді болып отырған халықтың көңілі көтеріліп ертеңінен жақсы үміт күтуіне себепкер  болайық. Бұл сынақтанда өтерміз, біз бір Алла деген елміз ғой, қашанда құдай деген елдің озатынын еске алсақ біз барымызға шүкір, жоғымызға тәубе деп, шыдамдылық пен төзімділік көрсетуз азаматтық парызымыз, ауызбіршілікте болып бір бірімізге ілтипатты болайық. Қазақта бір сөзге, жүйеге көну деген бар соған бірігіп ел бастап отырған азаматтарға арқа сүйейік. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын ағайын! – дейді Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Нұрбақыт Бөкебаев

https://egemen.kz/article/230433-tsirk-sanhlaqtaryn-tol-merekesimen-quttyqtaghan-tunhghysh-ministr