Бүгінгі таңда Қазақ мемлекеттік циркін Алматы қаласы Түркісиб ауданының көп балалы отбасынан шыққан балақайлар тамашалады.
Акцияны «Ізгі істер саясаты» қоғамдық қозғалысы, «Мен Алматылықпын» Алматы қаласы Түркісиб ауданының әкімшілігімен бірлесіп, Алматы қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған.
Акцияның мәні, бір ай бойы, акцияға қатысушылар көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған, әртүрлі қызықты іс-шаралар ұйымдастырады. Мысалға , балалар Фемели саябағын , Көк Төбе, Шымбұлақ және Медеу мұз айдынын тамашалады. Бүгінгі күні эстафетаны Алматы циркі қабылдап алды.
Қазақ мемлекеттік циркінің басшылары арнайы балаларға цирктің экспозициалық залына экскурсия ұйымдастырды, сахна сыртындағы өмірмен танысты, үйретілген аюлар мен иттердің жаттығуын көздерімен көрді, атпен серуендеді, белгілі цирк артистерімен танысты. Сонымен қатар балаларға Алматы циркі сыйлық табыстады. Ізгі істер эстафетасы жалғасуда!