2020 жылдың 18 ақпанында Испанияның Жирон қаласында 9-шы халықаралық цирк өнерң фестивалі өз жұмысын аяқтады.

Адлет Тикановтың жетекшілігімен “Hassak” нөмерінің өтпелі баспалдақ эквилибристері Украина Мемлекеттік Цирк Компаниясынан, Саха Республикасының (Якутия) мемлекеттік циркі және доктор Алан Фрер цирк мұражайынан (Франция) арнайы сыйлықтар алды!

Сондай-ақ, Алматы циркінің бұл бірегей номірі әлемнің бірнеше ірі беделді цирктерінен шақырулар алды. Қазақ мемлекеттік циркінен арнайы сыйлық мексикалық цирк артисі Дэвид Меразға ұсынылды. Сыйлықты фестиваль дирекциясының құрметті қонағы Казақ мемлекеттік циркінің директоры Нұрбақыт Абдығалиұлы Бокыбаев тапсырды,

Цирк артистерін шын жүректен құттықтап, сәттілік тілейміз!!!