1970 жылдың 24 шілдесіндегі осы қойылым қазақ ұлттық цирк өнерінің туған күні деп тарихта қалды.
Алматы қаласындағы эстрадалық цирк студиясың алғашқы әртістері бірінші қойылымын Саратов цирк манежінде қазақ ұлттық «Медеу» бағдарламасымен ашты.
Қойылымның режиссері РФ–ның еңбек сіңірген қайраткері Г.Перкун, сценариін жазған Ю.Благов, көркемдеп безендіру жұмыстарын өнерге еңбегі сіңген қайраткер суретші А.Фальковский мен Е. Кирик, музыкасын КСРО халық әртісі Н.Тілендиев, Қазақ КСР еңбек сіңірген қайраткерлері Л.Хамиди, А.Ботбаев, ,беларус композиторы М.Моллер жазды.