Өткен жылы 17 қаңтарда, ҚР Ұлттық кітапхана төрінде Қ.Р мемелекеттік циркінің директоры, Мәдениет қайраткері , театр сыншысы Н.Бөкебаевтың “Қазақстандағы цирк өнерінің бастаулары мен дамуы ” атты кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл ғылыми еңбекте ұлттық цирк өнерініңтарихы мен қалыптасуы алғаш рет түбегейлі зерттеліп қазақ тілінде жарық көрді.
Ұлттық цирктің өткені мен бүгіні және болашағы – көп ұлтты Қазақстан мәдениетінің ажырамас бөлігі екендігі осы еңбекте ғылыми түрде зерттелді
Зерттеу еңбегі қазақ , цирк өнерін зерттеушілерге, студенттер мен оқытушыларына цирк жетекшілері мен менеджерларына әдістемелік оқулық ретінде берері мол.