Алматы циркі балалардың назарына жаңажылдық ерекше қойылымды ұсынды. Ең сиқырлы, ғажайыптар мен жаңажылдық шытырман оқиғаларға толы «Кристалды іздеу» цирк шоуы
көптің көңілінен шықты. Зал көрермендерге лық толды. Балалар жаңажылдық көңіл күйді сезіне
білді. Мультфильмдердің кейіпкерлерімен бірге кристалды іздеуде әртүрлі қызықтарды тамашалады. Қойылымының ішінде ең қызығы, әрі ерекшесі – мәскеулік Никулин атындағы цирктің ит-мысықтарының өнерлері болды. Сондай-ақ, балдырғандар олармен бірге суретке түсу құрметіне ие болды.
«Бұл қойылымымыз 17 желтоқсан мен 15 қаңтар аралығына жоспарланған. Осы 1 айдың көлемінде 30-дан астам қойылым қоямыз. Қала тұрғындарына, қонақтарына осы циркке келіп,
көрсе болады. Бұл – бекзат өнер, мәдениеттің қиын жанры. Осынау салада талмай еңбек етіп келе
жатқан жандарға басымызды иеміз. Бұл қойылымды әзірлеуде барлық ұжым мүшелері болып,
бірге іздендік. Балдырғандарға қуаныш, көңіл күй сыйлауда қолымыздан келгенін істедік. Енді
осынау дүниелерімізді көріп, келіп, тамашалауға шақырамыз.
Алдағы жылдар балдырғандарға мерекелік көңіл күй сыйлауды жалғастыра бермекпіз», – деді
Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов. Ертегі және мультфильм кейіпкерлерінен құралған бағдарламаны кәсіби эквилибристер мен акробаттар және гимнастар орындады. Өнер көрсету кезінде гимнастар садақ ату арқылы өздерінің сұрмергендігін көрсете білді. Акробаттар қызықты трюктер жасау арқылы балаларды күлкіге қарық қылды. Қиын да қызыққа толы
цирк әртістерінің өнерлері бұл жолы өзгешелігімен танылды.
Қойылым барысында жан-жануарлар да өз өнерін ортаға салды. Ертегі кейіпкерлерімен бірге аю шығып, балдырғандарды таңқалдырды. Бұдан кейін қазақ аруымен бірге жылқылар да өнерлерін көрсетті. Екі жылқы айнала жүріп би де биледі, бір-бірін жақсы түсінісе білді. Қазақ халқының сүйікті жануары атанған жылқыларды көргенде, балалар түрегеле тұрып, қуаныштарын жасыра алмады. Өздерінің де атқа мінгісі келетінін, бұдан бөлек, бақтарын сынағысы келетіндігін де атап өтті. Бұдан
кейін ортаға үйретілген лақ, мысықтар шықты. Бұғы кейпіндегі ешкіміз балалардың езуінен
күлкі жидырмады. Өзі ғана болса да, барлық көрерменнің назарын өзіне аудартты. Аппақ, мамық
жүнімен, үйренген жаттығуларын еш қиналмастан орындап шықты. Осылайша кішкентай
үйлері бар мысықтар да өз өнерлерін ортаға салды. Олар сабырлық сақтап, бір-бірлерін толқыттырып, өнер көрсетті. Кішігірім үйден шығып жатқанда балалар бар назарларын сол жаққа қарай бұрды. Кім қай есіктен шығар екен, сол есікке қайта кірер ме екен деген уайымдары да болғаны жасырын емес. Бірнеше метр биіктіктен секірсе де, еш қорықпаған жануарлар екі аяқтарымен қайта кері жүріп, өздерінің шеберліктерін ортаға салды.
Кішкентай көрермендерді таңқалдырған тағы бір жайт – мәскеулік Никулин атындағы цирктің иттерінің өнері болды. Неге десеңіз, әппақ мамық жүнді иттер біз бұрын-соңды көрмеген трюктерді орындады. Өздерінің иелеріне құрмет көрсету арқылы, ерекше әсер сыйлады. Ішіндегі жалғыз қара күшік те өзгелерден ерекшеленіп тұрды. Сондай-ақ, балдырғандар қойылым басталмай тұрып иттермен суретке түсу құрметіне ие болды. Бұдан бөлек, ертегілер әлеміндегі кейіпкерлер балдырғандармен әңгімелесу арқылы өзгешеленді. Қыздардың сүйікті кейіпкері Эльза гимнастикалық трюктерді жасаса, жұмбақ Қар ханшайымы өзінің аппақ аттарымен ызғарды сезіндірді.
Көңілді Гринч қызықты әрекеттер жасау арқылы балаларды көңілді сәтке бөледі. Ал сиқыршы Гарри
Поттердің сиқырлы таяғы жоғалып, оны кішкентай балалар тауып алғандығы анықталады. Бұдан бөлек, қойылым барысында көңілді Қалпақшы, сүйкімді ертегі Динь-динь, әдемі Пери, сондай-ақ, Аяз Ата мен Ақшақар балалардың көңілін аулады. Айта кетейік, бірінші қойылым қайырымдылық іс-шарасының аясында жүзеге асты. Алма- ты циркі алда әлі бірнеше ондаған бағдарлама ұсынуды
жоспарлап отыр.