Өтпелі баспалдақ номерінің эквилибристері қола медаль жеңіп алды

 

2019 жылдың қырқүйектің 5 мен 8 аралығында цветной бульвардағы Ю. Никулин атындағы циркінде 18-ші Мәскеулік халықаралық цирк өнері жастар фестиваль-байқауы өзінің жұмысын аяқтады.

Осы беделді фестивальда Қазақ мемлекеттік циркі Адлет Тикановтың жетекшілігімен өтпелі баспалдақ номерінің эквилибристері өз өнерлерін көрсетті. «Қазақ мемлекеттік циркі» КМҚК-ның директоры Бақыт Абдыгалиевич Бокыбаев осы атаулы фестивальдің құрметті қонағы болып шақырылды.

Ұсынылған ең үздік цирк номерлерінің арасында, Қазақ мемлекеттік циркінің артисері Қола медальды жеңіп алады!

Әлемдегі ең үздік цирк аренасының бірінде өтпелі баспалдақ номерінің артистері: Адлет Тиканов, Камила Күркембаева, Абай Оразбаев, Адлет Абай, номердің режиссері Марина Редько өз шеберліктері мен және кәсібилігін лайықты көрсетті. Қазақ мемлекеттік циркінің артистері 2019 жылдың 19 мен 22 қыркүйегі аралығында II-ші Минск Халықаралық цирк өнері фестивалінде өз өнерлерін көрсетеді.