Айрықша жетістік пен лайықты қошемет —Қазақ мемлекеттік циркінің артистері Ташкентте өткен II Халықаралық жастар цирк өнері «Жібек жолы» фестивалінде алтын мен күмісті қанжығаларына байлады!
Фестивальдің алтыны — Жасмин Алшынбаева, цирк әулетінің лайықты жалғасы мен Авелина Гузейге «Әуе сферасы» («жұптық сақина» жанры) нөмірі үшін, жетекшісі — Зарина Тапалова. Олардың өнері — биіктік пен сенімнің, нәзіктік пен үйлесімнің шынайы симфониясы. Әр қимыл, әр элемент мінсіздікке жетеледі.
Күміс жүлде — Салаватов Әлидің (жетекшісі Сейдгариев Равиль) «Доппен жонглерлік» нөміріне бұйырды. Дәлдік, жоғары техника және темірдей тәртіп — шынайы кәсібиліктің айғағы болды.
Дарынды өнерпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Қошемет толастамасын, алар асуларыңыз арта берсін, жеңістеріңіз жалғаса берсін!


