Құрметті журналистер!

Құрметті журналистер!

2018 жылғы 04 тамызда сенбі күні сағат 16.00-де «Азия Жаңғырығы» XI Халықаралық цирк өнері фестивалінің лауреаттары мен жүлдегерлерінің бірегей жарқын премьерасы өтеді.
Сіздерді ұмытылмас қойылымның алғашқы көрермендері болуға шақырамыз!!!

Қосымша ақпарат
2018 жылғы тамыз айының 04-нен бастап 19-на дейін алғаш рет Қазақ мемлекеттік циркінде Астана қаласының 20-жылдығын тойлау аясында «Астаналық цирк» МКҚК «Азия Жаңғырығы» XI Халықаралық цирк өнері фестивалінің лауреаттары мен жүлдегерлерінің мерекелік бағдарламасын ұсынады.
Бағдарламада танымал цирк әртістері Никарагуадан, Ресейден, Беларусьтен, Украинадан, Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан қатысады:
«Саха Республикасының Марфа және Сергей Расторгуевтар атындағы Мемлекеттік циркі» Директорының Арнайы жүлдесінің иегерлері цирктік нөмір «Магия және Иллюзия» Филип ван Дайктың басшылығымен (Никарагуа).
Адамдар мен жануарлардың керемет айналуы-бірегей нөмірі (үйретілген иттер және жолбарыс).
Фестивальдің күміс номинанты Алена Климович «Антипод» нөмірімен. (Беларусь Республикасы, Минск қаласы).
«Фаербёрд продакшн» компаниясының Президенті Петр Дубинскийдің (АҚШ) Арнайы жүлдесінің иегерлері – «Аверюшкины» Клоундық дуэті (Ресей).
«Ассоциация артистов цирка» қоғамдық ұйымының Құрылтайшысы Лолита Липинска және Түркмен мемлекеттік циркінің Директоры Аннаммухаммет Иламановтың Арнайы жүлдесінің иегерлері цирктік нөмір «Силовая пара» Рустам Хаметовтың басшылығымен (Өзбекстан, Ташкент қаласы).
Украиналық танымал жонглер Владислав Морандель.
Фестивальдың Гран-при иегерлері «Барыс» Атты-акробатикалық ансамблі Чингиз Урманбетовтың басшылығымен (ҚР, Астаналық циркі).
Алтын жүлдегерлер – цирктік нөмір «Встречные качели» Кирилл Столбовскихтың басшылығымен (ҚР, Астаналық циркі).
Қола жүлдесінің иегері белбеудегі әуе гимнасткасы Анастасия Демидова, нөмір басшысы Ольга Демидова (ҚР, «Қазмемциркі»). Сонымен қатар Анастасия Монте-Карлодағы Халықаралық цирктік фестивалінің Вице-президенті Урс Пилстың Монте Карлодағы «Новое поколение» Халықаралық цирктік фестиваліне шақырту алды.
Фестивальдың Қола жүлдегері – «Эвилибр на Сигвее» цирктік нөмірі Ержан Конурбаевтың басшылығымен (ҚР, Астаналық циркі). Сонымен қатар әртістер Ёка Конурбаева және Назерке Мерекеқызы Монте-Карлодағы Халықаралық цирктік фестивалінің Вице-президенті Урс Пилстан және «Латина» Халықаралық цирктік фестивалінің Президенті Фабио Монтикодан Арнайы жүлделер және шақыртулар алды.
Сонымен қатар бағдарламада көптеген басқа да керемет фестивальдік нөмірлер!
Осы жылы «Азия Жаңғырығы» Халықаралық цирк өнері фестивалі Астана қаласының 20-жылдығын және қазіргі заманғы цирктің құрылуының 250-жылдығын тойлау аясында өтті. «Азия Жаңғырығы» Халықаралық цирк өнері фестивалі цирк өнерінің ең үздік әлемдік жетістіктерін жариялау және сақтау, дамыту мақсатында өткізіледі.

Өткізілу орны: Қазақ мемлекеттік циркі, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 50
Аккредитациялау бойынша байланыстар:
телефон: 8 (727) 394 48 94, 8705 571 88 08
байланыс тұлға: Сауле Нургалиева (n.saule@circusalmaty.kz)
www.echoasia.kz
www.circusalmaty.kz