Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақ мемлекеттік циркінің ұжымы 30 жылдан кейін Орталық Азияда гастрольдік іс-шараларын қайта бастады. Тур бағдарламасы
16 қыркүйек пен 23 қазан аралығында Тәжікстанның Душанбе қаласында, 21 қазан мен 19 қараша аралығында Грузия, Тбилиси қаласында «ӘЛЕМ КҮББЕЗІ АСТЫНДАҒЫ ЦИРК» атауымен өтті.