Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері тағы да жүлделі орындарға ие болды

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері тағы да жүлделі орындарға ие болды

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері бұл жолы XlV халықаралық «Азия жаңғырығы» цирк өнері фестивалінде жүлделі орындарға ие болды.

Фестивалінде Әдліт Тикановтың жетекшілігімен «Қос діңгектегі акробаттар» номерімен «Хассак» тобы алтын, Майя Ұлықпанова қола жүлдегер атанды.

Қазақ мемлекеттік циркінің дарынды әртістері «Азия жаңғырығының» басқа халықаралық қатысушыларымен бірге фестивальде жүлделі орындарға ие болу үшін жоғары деңгей мен кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.

9-13 тамыз аралығында Елордалық цирктің аренасында АҚШ, Франция, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Венгрия, Қытай, Болгария, Израиль, Якутия, Германия, Тәжікстан және Қазақстанның мықты әртістері кездескен болатын.

Байқауға қатысушылардың өнерін халықаралық деңгейдегі цирк саласының көрнекті мәдениет қайраткерлері бағалады.