Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері халықаралық фестивальде жүлделі орындарға ие болды!

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері халықаралық фестивальде жүлделі орындарға ие болды!

Санкт-Петербургте 14-17 қыркүйек аралығында аяқталған «Без границ» екінші халықаралық цирк өнері фестивалінде Қазақстан әртістері қола жүлдені жеңіп алды.

Әділет Тикановтың жетекшілігімен «Қос діңгектегі акробаттар» номерін орындаған «Хассак» тобы фестивальде жоғары дәреже мен кәсіби дайындықты көрсетті. Фестивальге барлығы 16 елден әртүрлі жанрдағы 200 өнерпаз қатысты.

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері  халықаралық фестивальде жүлделі орындарға ие болды!

Бұған дейін «Хассак» тобы Астанада өткен халықаралық «Азия жаңғырығы» фестивалінде алтын жүлдені, Алматы цирк фестивалінде күміс жүлдені жеңіп алған болатын.