Алғаш рет Қазақ мемлекеттік циркінде 15 қыркүйектен 15 қазанға аралығында Якутияның циркінің гастрольдік сапары өтті.
«Мамонт елі» — саха халқының көне заманнан келе жатқан тарихы, мамонттардың жер бетін кезген кезінен бергі шығу тегі туралы, керемет табиғат пен жануарлар әлемі туралы баяндайтын таңғаларлық қойылым.
Бұл жоба үшін арнайы 200 эксклюзивті дизайнерлік костюмдер дайындалды, жарқын бірегей декорация жасалды, әр түрлі жанрдағы 60-тан астам цирк әртістері тартылды. Сондай-ақ, жарық әсерлері мен динамикалық музыка ұмытылмас сиқырлы атмосфераны сыйлады.
Этно-шоуды құруда халықаралық кәсіби мамандар тобы жұмыс істеді.