“Принцесса Цирка” фестивалінде Анна қола жүлдегері атанды!

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы Қазақ мелекеттік циркінің әртісі Анна Демидова еліне тағы бір мақтан тұтарлық жеңіс сыйлады! VIII халықаралық цирк өнерінің “Принцесса Цирка” фестивалінде Анна қола жүлдегері атанды!

Осы жылы Саратовтың төрінде 9 елден 120 қатысушы өз өнерлерін көрсетті: Қазақстан, Ресей, Франция, Венгрия, Вьетнам, Моңғолия, Эфиопия, Польша және Молдавия. Қазылар алқасы әр қойылымды шеберлік әдісіне, хореографиясына, режиссерлік жұмысына және тағы басқа белгілеріне қарай бағалап отырды. Біздің отандасымыз барлығынан жоғары деңгейді көрсетті!