Mолл Апортында цирк шоу

2019 жылдың 1 маусымында Алматы циркінің артистері Халықаралық Балалар күніне арналған Mall Aport сауда-ойын-сауық орталығында мерекелік бағдарламада өз өнерлерін көрсетті.

Жонглерлер, акробаттар, клоундар, үйретілген иттердің қатысуымен балалар мен ересектерге арналған цирктік шоу үлкен тосын сый болды.