Баспасөз-релизі

в Алматинском цирке состоится благотворительное представление Международного циркового шоу «Цирк на воде» с новой грандиозной программой «AQUAMARINE», посвященное Дню благодарности

2024 жылдың 1 наурызында сағат 12.00-де Алматы циркінде Алғыс айту күніне арналған “AQUAMARINE” жаңа орасан зор бағдарламасымен “Судағы Цирк” халықаралық цирк шоуының қайырымдылық көрсетілімі өтеді.
Мәскеу цирк әртістерімен бірге Қазақ мемлекеттік циркі мен Беларусь мемлекеттік циркінің әртістері де өнер көрсетеді.
Қайырымдылық қойылымға мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектер, көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар шақыртылды.
Қазақстанда Алғыс айту күні 2016 жылдың 1 наурызынан бастап аталып өтіледі. Содан бері Қазақ мемлекеттік циркі бұл күні өз көрермендеріне алғыс айту белгісі ретінде қайырымдылық қойылымын өткізіп келеді. Осы жарқын мереке күні Қазақ мемлекеттік циркі Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына шын жүректен ризашылығын білдіреді.
“Цирк – халықтық және көпұлтты өнер”.

Алматы циркінде Алғыс айту күніне арналған "AQUAMARINE" жаңа орасан зор бағдарламасымен "Судағы Цирк" халықаралық цирк шоуының қайырымдылық көрсетілімі өтеді

Естеріңізге сала кетейік, “AQUAMARINE” цирк бағдарламасы 03 ақпан мен 24 наурыз аралығында Алматы циркінде өтеді. Билеттер ticketon.kz сайтында және цирк кассасында. Анықтама телефндары: +7 (700) 394 49 03, +7 (727) 394 49 11.