Баспасөз хабарламасы: Қазақ мемлекеттік циркінде халықаралық «Жаңажылдық Судоку» атты жаңа бағдарламасы өтеді.

2018 жылдың 17 желтоқсаны мен 2019 жылдың 7 қаңтар аралығында өтетін «Жаңажылдық Судоку» атты сиқырлы ертегісіне Қазақ мемлекеттік циркі қала тұрғындары мен қала қонақтарын шақырады.

Жаңажылдық ертегінің либреттосы

Кіріспе: Жапон рухы Эмма өзінің жауыз нөкерлерімен көрермендерді жаңа жылдық сүйікті мерекесінен айырмақшы болады. Қара күштердің мақсаты жаңажылдық Судокуды ұрлау – ересектер мен балалардың тұмары, жаңа 2019 жылдың сиқырлы квадраты.

I көрініс: Жаңа жыл мен жаңа жылдық демалысты құтқару үшін балаларға көмекке супер батырлар келеді. Олар цирк артистерімен, үйретілген аңдармен және көрермендермен құпия судокудың сиқырлы сандарын табады.

II көрініс: Барлық цирк шоуына қатысушылар ертегі әлемінің жаңажылдық шытырман оқиғаларын бастарынан өткізеді. Оларға қатігез күштердің жасаған қиындықтары мен кедергілерін жеңу қажет. Ертегі соңында Ақшақар өз көмекшілерімен – сүйкімді қояндар және мейірімді аюлармен шығады. Орман ертегі жануарлары жаңа жылдық сыйлықтарды әкелуге көмектеседі, ал Аяз Ата барлығына пиксель супершоуын сыйлайды.

Эпилог: Сиқырлы сандар күшімен жаңажылдық Судокудың шешімі табылады. Керемет шырша жарқ етіп, жаңа 2019 жыл келеді!

Бұл мүлдем бірегей цирк қойылымы – ертегі сюжетін болжап болмайтын, тартысты ойын- сауық, цирк өнерінің барлық жанрын қамтиды. Жаңажылдық шоуда таяу және алыс шетел артистері, әлемге танымал клоун, үйретілген жануарлар қатысады.

Жаңа бағдарламамен белгілі қазақстандық режисерлік-қойылым тобы жұмыс жасады. Бұл цирктік жоба кез келген жастағы, құмартушылығы алуан түрлі көрермендерге арналады. Сіздерді сиқырлы әлем мен таңғажайып көріністер тәнті етері сөзсіз! Қойылым ұзақтығы үзіліспен 2 сағ. 30 минут.

Алматы циркіне хош келдіңіздер!