Баспасөз хабарламасы

Қазақ мемлекеттік циркінде 2021 жылдың 3 шілдесі мен 15 тамыз аралығында цирк артисі, аты аңызға айналған қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған «HELLO CIRCUS» атты жаңа бағдарламасы өтеді.

Ұзақ уақыттық карантиннен кейін бірінші рет Алматы циркі сүйікті көрермендеріне есігін айқара ашты. Цирк бағдарламасында Қазақ мемлекеттік циркінің бірегейлі номерлері мен жұлдыздары қатысады: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Дүниежүзілік каскадерлер академиясының (АҚШ) «Таурус» сыйлығының иегері Ж. Кунгужиновтың жетекшілігімен атты-акробатикалық «Номад» тобы; танымал қазақстандық спортшы, армрестлингтен халықаралық спорт шебері, казак күресі бойынша спорт шеберіне үміткер, экстремалды күштік спорт түрлерінен бірнеше рекордтардың иегері, мас-рестлинг Әлем Кубогінің екінші орын жеңімпазы Тимур Спатаев; Монте-Карлода өткен IX Халықаралық «Жаңа буын» цирк өнері фестивалінің күміс жүлдегері, VI Халықаралық «Мамонтенок» цирк фестивалінің алтын жүлдегері Анастасия Демидова және Ольга Демидованың жетекшілігіндегі ХХ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде бірінші орын иегері, «Азия жаңғырығы» VI Халықаралық цирк өнері фестивалінің алтын жүлдегері Анна Демидова; Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Құрманғали Досбатыровтың жетекшілігіндегі «Белдіктердегі әуе гимнасттары» номері: Ухань қаласында өткен ХІ Халықаралық цирк өнері фестивалінің күміс жүлдегері, VII Халықаралық «Азия жаңғырығы» цирк өнері фестивалінің Гран-при иегері Марина Стародубова және Даяна Жетписова; Учао мен Уханьдағы Халықаралық цирк өнері фестивальдерінің қола жүлдегері Тимур Коржумбаевтың жетекшілігімен «Үйретілген иттер» номері; Ханчжоуда өткен халықаралық иллюзиалық өнер фестивалінің алтын жүлдегері Ләззат Байтоқанова; Цветной бульвардағы Ю.Никулин циркі Мәскеу халықаралық жастар цирк өнері фестиваль-байқауының және II Минск цирк өнері фестивалінің қола жүлдегерлері Адлет Тикановтың жетекшілігіндегі жаңа «Қос қытай мачтасы» номері; Равиль Сейдгариевтың жетекшілігіндегі «Даршылар», Қазақ мемлекеттік циркінің би-акробатикалық балет және басқа да жарқын цирк номерлері мен көңілді репризалар.

5 шілде 2021 Елорда күніне орай Қазақ мемлекеттік циркі мүмкіндігі шектеулі балаларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, интернаттар мен аз қамтылған отбасылардың балаларына қайырымдылық қойылымын өткізеді.

Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Бақыт Бокебаев: «Алматы циркінің шығармашылық ұжымы өз көрермендерімен бұл кездесуді көптен күтті, цирк артистері желіден тыс және оффлайн режимде талмай жұмыс жасады. Біз өз циркімізде Алматылықтарды және оңтүстік астананың қонақтарын, цирк өнерінің барлық бағалаушыларын үлкен қуанышпен күтеміз ».

Алматы циркіне қош келдіңіздер!