Баспасөз хабарламасы: Қазақ мемлекеттік циркінде «Щелкунчик және Мышильда» атты жаңа жылдық ертегі қойылымы

Қазақ мемлекеттік циркінің шығармашылық ұжымы ерекше мерекелік Эрнст Теодор Амадей Гофманның «Щелкунчик және Тышқан патшасы» ертегі желісі бойынша 2019 жылдың                       17 желтоқсаны мен 2020 жылдың 12 қаңтар аралығында өтетін «Щелкунчик және Мышильда» бағдарламасына ересектер  мен балаларды шақырады. Петр Ильич Чайковскийдің “Щелкунчик” атты атақты балетінің музыкасы негізінде қойылған цирк бағдарламасы.

Кейіпкелер: Дроссельмейер, Щелкунчик, Мари, Фриц, Мышильда, тышқан патшасы, Аяз ата, Ақшақар.

 Бағдарламада: әуе гимнастары, акробаттар, эквилибристер және үйретілген жануарлар, белгілі клоунесса Оксана Нескладнаяның ең эксклюзивті репризалары (Үлкен Мәскеу циркі, Мәскеу қаласы).

Ғажайып қөріністерді Қазақ мемлекеттік циркінің әйгілі балет тобы  сүйемелдейді. 

Цирк бағдарламасы, театр, музыка және хореографиялық өнерлердің үздік дәстүрлерінің жинтығы. Режиссерлік-қойылым тобының алдына қойған  мақсаты тек қана көрерменнің көңіл-күйін  көтеру ғана емес, сонымен қатар бұл қойылымнан көрерменнің өзіне алар  білім мен тәрбиелік мәні де орасан зор. Арнайы осы бағдарламаға  арнап, жаңа цирктік номерлер қойылды, музыка жазылды, жаңа костюмдер тігіліп, реквизиттар дайындалды. Бағдарлама үлкен көлемді лазерлік шоуымен қамтылған. Бұл цирктік жоба кез келген жастағы,  құмартушылығы алуан түрлі көрермендерге  арналады.  Сіздерді сиқырлы әлем мен таңғажайып көріністер тәнтті етері сөзсіз!

Алматы циркіне хош келдіңіздер!