Балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық бағдарламасы

2019 ж. 31 мамырында Алматы циркі халықаралық балаларды қорғау күніне арналған дәстүрлі қайырымдылық бағдарламасын өткізді. Бағдарламада Қазақ мемлекеттік циркінің жұлдыздары, Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрадо-цирк колледжінің түлектері және әйгілі «Пілдер карнавалы» атты бағдарламаның жетекшісі Андрей Дементьев- Корнилов қатысты.

Танымал пілдердің үйретушісі жарқын өнерімен балаларды қуантты.