Балаларды қорғау күніне орай 31 мамыр күні сағат 12:00-де Қазақ мемлекеттік циркі Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігінің “Аманат” партиясының қатысуымен қайырымдылық цирк қойылымын өткізеді. Аталмыш қойылымға РМК “Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың Ұлттық ғылыми орталығы”, “Үміт” саңырау мүгедектерді қолдау орталығы, “Тағдыр” мүгедек балалар отбасылық клубы, “Биік белеске бағыт”, “Үмітіңді үзбе”, “Арғымақ”, “Ана тілегі”, “Қайырымдық керуені”, “Алатау аналары”, “Шыңға өрлеу” қорлары, Алмалы, Медеу, Бостандық, Наурызбай, Түрксіб, Алатау аудандарының мүгедектер қоғамы, “Аяла”, “Шапағат”, “Парасат” әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, “Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы”, “Қамқорлық Орталығы – Хэсэд Полина”, “Қазақ зағиптар қоғамы”, “Ерекше балалардың ата-аналар Одағы” атты қоғамдық бірлестіктері, «Нұр» қайырымдылық отбасылық балалар үйі, Алматы қалалық ардагерлер кеңесі және тағы басқалар шақырылды. Қайырымдылық қойылымға мүмкіндігі шектеулі балалар, балалар үйінен, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар қатысады.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы циркінің манежінде әлемге әйгілі “БЕЗ НОСКОВ” клоун триосы өнер көрсетеді, әртістер әлемнің көптеген цирктерінің көрермендерін баурап алды және Монте-Карло қаласында өткен Халықаралық цирк өнері фестивалінің жеңімпаздары. Сонымен қатар мерекелік бағдарламада цирк өнерінің барлық дерлік жанрлары ұсынылған ең беделді Халықаралық цирк фестивальдерінің жеңімпаз әртістері өз шеберліктерін көрсетеді.