БАҚ шақыру 06.03.2018

4 months ago admin Comments Off on БАҚ шақыру 06.03.2018

Құрметті тілшілер!

2018 жылдың 6 наурызы, сейсенбіде сағат 14:30 КМҚМ «Астана циркінде» «SKIFIY» атты лазерлік шоудың брифингі өтетінін хабарлаймыз.

Мерекелік іс-шара бағдарламасын Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына орай арнайы Қазақ мемлекеттік циркі (Алматы циркі) дайындады.

2018 жылдың 9 наурызы, жұмада сағат 16:00 «SKIFIY» атты лазерлік шоудың тұсаукесері өтеді. Сіздерді осыбір ғажайып қойылымның алғашқы көрермені болуға шақырамыз!

Қосымша мағлұмат:

2018 жылдың 9 наурызы мен 1 сәуір аралығында Астана циркінде Қазақ мемлекеттік циркі «SKIFIY» атты лазерлік шоуын ұсынады.

Кейіпкерлер: Ер Төстік, Кенжекей, Бекторы, Ақсулу, Ай, Күн, дәруіштер.

Цирктік бағдарламада: салт-атпен жігіттер, әуе гимнастттары, акробаттар, клоундар, жұптық эквилибр, үйретілген аюлар, салт-аттар, ешкілер, иттер, көгершіндер. Ертегілік қойылымда «Азия» атты биші-акробаттық топ жұмыс істейді.

Астана циркіне хош келдіңіздер!

Брифингке қатысушылар:

—«Қазақ мемлекеттік циркі» КМҚК директоры Бақыт Бокебаев

—Қоюшы- режиссер Марина Редько

—Лазерлік шоу маманы Алексей Храменков

—Цирк артисі Василий Доронин

—Цирк артистері Әділет Тиканов және Камила Күркембаева

Өтетін орны: Астана қаласы, КМҚК «Астана циркі», Қабанбай батыр даңғылы, 5-ші үй

Акредиттеу бойынша байланыстар:

Динаш Ауталипова (Астана циркі): 8 (7172) 24 40 59, 8 775 600 06 30
e- mail: tamga_d@mail.ru; www.circus-astana.kz;

Нургалиева Сауле (Алматы циркі): 8 (727) 394 48 94, 8705 571 88 08
e- mail: n.saule@circusalmaty.kz; www.circusalmaty.kz