Бүгін Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Тимур Спатаевты құттықтады

Бүгін Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Бақыт Бокебаев Алматы циркінің әртісі, танымал қазақстандық атлет, армрестлингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер, спорттың экстремалды күш түрлерінен бірнеше рекордтардың иегері Тимур Спатаевты құттықтап, естелік сыйлық табыс етті! 2021 жылдың 11 сәуірінде Шымкент қаласында атақты қазақстандық спортшы Тимур Спатаев аты аңызға айналған қазақ палуанының, күрестен бірнеше дүркін әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тағы бір рекорд қайталады.Палуан үш жасар түйені арқасына көтеріп, 30 қадам жүріп өтті. Айта кетейік, Тимур Спатаев Қажымұқан Мұңайтпасовтан кейін алғаш рет осы күрделі трюкті қайталаған жан. 

Атлетке ізгі тілегін қазақстандық танымал боксшы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері Мұхтархан Ділдәбеков білдірді.