30 шілдеде КСРО халық артисі, белгілі актер, режиссер, педагог және сценарист Асанәлі Әшімов отбасымен және достарымен Қазақ мемлекеттік циркіне келіп, «Ер Төстік» лазерлік шоуын тамашалады. Жақында ғана бүкіл ел болып 80 жасын атап өткен, аты аңызға айналған артист, жаңа қойылымның жоғары деңгейін, Қазақ мемлекеттік цирк артистерінің номерлері мен трюктерінің виртуозды орындауын, Мэтрге ерекше әсер қалдырған отандық композиторлар: Нұрғиса Тілендиевтің, Қуат Шілдебаевтың, Төлеген Мұхамеджановтың, Марат Тлеубаевтың және т.б. музыкалық материалдарың жиынтығы ұлттық нақышты айқын бейнелегенін атап өтті.
Ер Төстік» лазерлік шоуына жас талантты суретші Зауреш Жабаеваның эскизімен дайындалған екі жүздей костюм тігілді.
Бұл цирктік қойылым бірыңғай сюжет желісімен цирк өнерінің барлық жанрларын жинақтайды, атты- акробатикалық жігіттер тобы, әуе гимнастары, акробаттар, клоундар, эквилибристтер, үйретілген аюлар, ешкілер, иттер, көгершіндер. Ғажайып қөріністерді Қазақ мемлекеттік циркінің әйгілі «Фарандоль» балет тобы көріктендіреді, заманауи лазерлік әсерлер, жарық және дыбыс қолданылады. Бұл қойылым ешкімді де немқұрайлы қалдырмайды, себебі «Ер Төстік» қойылымы барлық жастағы және әуестігі әр түрлі қөрермендерді қызықтыратыны анық.