Акробаттар қауіп пен қатерге толы трюктер істеп, көпшіліктің қошеметіне бөленді
Мереке қарсаңында Алматы мемлекеттік цирк ұжымы да ашық аспан астында көңілді іс-шара өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ғимарат алдына сахна құрылып, үлкен габоритті құрылғылармен безендірілді. Акробаттар қауіп пен қатерге толы трюктер істеп, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Ұжым әртістері мен сиқыршылар өнер көрсетіп, көрерменді таңқалдырды. Күлдіргі сайқымазақтар балалармен ойын ойнап, көңілін аулады. Цирк әкімшілігі мұндай ерекше форматтағы шоу алматылықтарға алғаш рет ұсынылып отыр дейді.
«Алдағы уақытта қазан мен қарашада «Sunny show» деп аталатын қойылымды жоспарлап отырмыз. Қала тұрғындарын шақырамыз. Өте жоғары деңгейде жақсы шоу болады деп жоспарлап отырмыз», – деді Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов.