Алматы циркінің жас әртісі Т. Демидова Монте-Карлодағы ең беделді халықаралық цирк фестивалінде қола жүлдеге ие болды

Юная артистка Алматинского цирка Т. Демидова завоевала бронзовую награду на самом престижном международном цирковом фестивале в Монте-Карло

«New generation 2024» 46-шы халықаралық балалар цирк өнерінің «Жаңа ұрпақ» фестивалінде Қазақ мемлекеттік циркінің әртісі О. Демидованың жетекшілігіндегі Таисия Демидова хула құрсауларымен теңгерімді орындап, Қола жүлде мен екі арнайы сыйлықтың иегері атанды. Фестиваль 19 қаңтар мен 24 қаңтар аралығында Монте – Карло (Монако) қаласында өтті.
Дүние жүзіне әйгілі цирк күмбезінің астында әлемнің түкпір-түкпірінен ең үздік әртістер қатысты. Фестиваль көптеген көрермендердің басын қосатын және әлемнің барлық жерінде аты шыққан ең беделді халықаралық цирк фестивалі болып саналады. Фестивальдің негізін қалаушы Монако ханшайымы Стефани.