✨ Алматы циркінің әртістері «Хассак» тобы Санкт-Петербургте өткен IV Халықаралық «Без границ» цирк өнері фестивалінде алтын жүлдеге ие болды! 🏆🇰🇿
Адлет Тикановтың жетекшілігімен қойылған көпірлі баспалдақтағы эквилибр нөмірі қазылар алқасын да, көрермендерді де тәнті етті. Маңдайында 180 кг салмақтағы үш әріптесін көтеріп өту – әлемдік цирк өнерінде теңдесі жоқ трюк! 💪⠀
Бұл жеңіс – Қазақстан цирк өнерінің биік деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.⠀
Сіздермен шын жүректен мақтанамыз! Жеңістеріңіз көп болсын! 🇰🇿
