Алматы циркінің әртісі Таисия Демидова III халықаралық «АРТИСТ» фестивалінде қола жүлдеге қол жеткізді

Артистка Алматинского цирка Таисия Демидова завоевала бронзовую награду III Международного фестиваля «АРТИСТ»

🥉 Алматы циркінің әртісі Таисия Демидова Мәскеудің Цветной бульварындағы Никулин атындағы циркте өткен III халықаралық «АРТИСТ» фестивалінде ел намысын абыроймен қорғап, қола жүлдеге қол жеткізді!
Фестиваль 11–14 қыркүйек аралығында өтті және оған әлемнің 18 елінен өнерпаздар қатысты.
Таисия – өнері бүкіл әлемде жоғары бағаланған талантты әртіс!
Жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мұндай дарынды өнер иесінің Қазақстан атынан әлемдік сахнада өнер көрсетуі – біз үшін үлкен мақтаныш.
Шабыт пен шығармашылық табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз! 🇰🇿✨