Алматы циркінің 16 жастағы әртісі «Бейбітшілік тілімен» V Халықаралық балалар мен жастар цирк өнері фестивалінде қола жүлдеге ие болды

Алматы циркінің 16 жастағы әртісі «Бейбітшілік тілімен» V Халықаралық балалар мен жастар цирк өнері фестивалінде қола жүлдеге ие болды

Алматы циркінің 16 жастағы әртісі, цирк әулетінің жалғастырушысы, Ж. Елебеков атындағы РЭЦК студенті Али Салаватов жонглер ретінде Тула (Ресей) қаласында өткен «Бейбітшілік тілімен» V Халықаралық балалар мен жастар цирк өнері фестивалінде ҚОЛА жүлдеге ие болды.
Бұл фестиваль әлемнің түкпір-түкпірінен келген 200-ден астам талантты өнерпазды бір аренада жинады.
Көрермен мен қазылар алқасын ерекше баураған Алидің жарқын «Доптарды еденмен жонглеу» нөмірі шеберлігімен, дәлдігімен және керемет энергиясымен бағаланды.
Алиді лайықты марапатымен құттықтаймыз!