10–13 қыркүйек күндері Мәскеу қаласындағы Никулин циркінің Цветной бульвардағы аренасында IV Халықаралық цирк өнері фестивалі «Артист» өтті.
Фестивальге әлемнің 17 елінен цирк өнерінің өкілдері қатысты.
Қазақстан атынан цирк әртісі Элеонора Канахина өнер көрсетті. Ол «Лунария» атты сым үстіндегі эквилибр нөмірін ұсынып, фестивальдің КҮМІС жүлдесін иеленді.
Элеонораның күрделі әрі әсерлі өнері халықаралық қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Қазақстандық цирк өнерінің халықаралық аренадағы кезекті жеңісі! ✨
Элеонораны жеңісімен құттықтаймыз! Алда бұдан да биік белестер мен жаңа жеңістер болсын!
