Қазақ мемлекеттік циркінің артисі Жасмин Алшинбаева II-ші «Әлем тілінде» атты балалар және жастар Халықаралық цирк өнері фестивалінің қола медалін жеңіп алды!!!

Жасмин «Ілмектегі әуе эквилибрі «Сиқыршы» номерін орындады, номер жетекшісі Замира Тапалова, режиссер-қоюшы Марина Редько.

Халықаралық қазылар алқасы құрамында топ-менеджерлер мен атақты цирк кәсіпорындарының директорлары, халықаралық цирк өнері фестивальдерінің президенттері, белгілі импресариолар Алматы циркі жас артисінің өнерін жоғары бағалады. Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Н.А. Бокыбаев халықаралық қазылар алқасы құрамында жұмыс жасады. Нұрбақыт Әбдіғалұлы атап өтті: «Фестивальға қатысушылардың құрамы өте мықты: Ресей, Азербайжан, Аргентина, Армения, Белоруссия, Венгрия, Вьетнам, Германия, Израиль, Қытай, Монғолия, Перу, США, Италия, Қазақстан, Колумбия, Мексика, Украина, Эфиопия, Эквадор және т.б. әлемнің түрлі елдерінен келген жас дарындар өз шеберліктерін көрсетті. Біздің Жасминді үлкен мақтанышпен атап өтемін, ол өз өнерімен қазылар алқасын тәнтті етті!»

Қазақ мемлекеттік циркінің ұжымы Жасмин Алшинбаеваның алғашқы жарқын қадамымен құттықтап, зор денсаулық және цирк өнерінде үлкен жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!