Қазақ мемлекеттік циркінің ұжымы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ мемлекеттік циркінің атты-акробатикалық “Номад” тобының жетекшісі, “Nomad Stunts” халықаралық кәсіби каскадерлар тобының жетекшісі Кунгужинов Жайдарбек Турсынгалиұлын жоғарғы «Таурус» марапатымен құттықтады!

Бұл «Таурус» марапаты – Әлемдік каскадерлар академиясының жыл сайын АҚШ-та берілетін сыйлықақысы, Академияның барлық мүшелері (қазіргі таңда 1500-ден астам адам) әр санаттағы ең жақсы қойылым мен кинодағы ең мықты орындаған трюктерге көпшілік дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтайтын «Оскар»-ға тең марапат.

Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Бокыбаев Нурбакыт Әбдиғалиұлы Жайдарбек Тұрсынгалиұлына Қазақ мемлекеттік циркінің 50 жылдығына арнайы жасалған хрусталь мүсінін тарту етті.