Алматыға Юрий Никулин атындағы Мәскеу циркі келді. Өнер иелері «Судағы цирк» шоуының «Aquamarine» атты жаңа бағдарламамен өнер көрсетеді. Гастрольдік сапар 3 ақпаннан 24 наурызға дейін өтеді. Халықаралық өнерпаздар Алматы циркінде өнер көрсетеді.
Гастрольдік сапардың шымылдығы 3 ақпанда ашылды. Цирктің табалдырығын аттай салысымен құжынаған адамды көресің. Киім ілетін жерде адам толы. Бәрі де халықаралық цирктің өнерпаздарын көруге асығуда. Балалар мен ересектердің санында шек жоқ. Алғашқы күннің өзінде
Алматы циркінде ине шаншар жер болмады. Кешігіп келгендер де болды. Аптығып келіп орындарын тауып жатыр жұрт. Оларға қолұшын беруге циркіміздің қызметшілері әрқашан дайын.
Бағдарлама әдемі бимен басталды. Соңы әртістердің акробатикалық шоуымен жалғасты. Әуеде қалықтаған әртістердің әрекеттерін көріп таңқаласың, әрі уайымдап отырасың. Құлап кетпей ме екен дейсің. Бірақ әртістер спортшылар секілді өз бабында. Одан соң көрермендерді жануарлармен болған шоу таңқалдырды. Әйгілі сайқымазақ Дмитрий Шиндров балалар мен ересектерге керемет көңіл күй сыйлады. Бағдарлама соңында көрермендер әртістердің өнеріне тәнді болып, жылы лебіздерін білдірді.
Юрий Никулин атындағы Мәскеу циркі ең ескі цирктердің бірі. Сонау 1880 жылы ғимараты салынған. Сол жылы 20 қазанда алғаш рет көрермендерге өнер көрсетті. Юрий Владимирович Никулиннің басшылығымен цирк қайта түледі.
КСРО Халық әртісі Ю.Никулин циркте 1982–1997 жылдары бас директор және шығармашылық басшы лауазымын атқарған.
Құрметті алматылықтар! Шынайы өнерді, балаларыңыздың қуанышын және жүздерінен күлкі мен
таңқалуды көргілеріңіз келсе, Алматы циркіне асығыңыздар. Билет бағалары 2000 теңгеден басталады.
Балаларыңыздың қуанышы үшін инвестиция салыңыздар!
Пердехан ШӘМШИЕВ, Almaty Akshamy.