Қазақ мемлекеттік циркі халықаралық көрмеге қатысты

Қазақ мемлекеттік циркі халықаралық көрмеге қатысты

Қазақ мемлекеттік циркінің тарихы Мажарстан жұртшылығына таныстырылды. 15-ші Будапешт цирк фестивалі аясында өткен мұражай көрмесіне әлемнің 12 мемлекеті қатысты. Әр ел өз циркінің экспонаттарын көпшілікке паш етті. Қазақ мемлекеттік циркінің ұжымы шетелдіктердің назарына отандық цирк өнерінің тарихынан сыр шертетін суреттер, әртістердің костюмдері мен ұлттық жәдігерлерді ұсынды. Шара барысында 12 мемлекеттің цирк басшылары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.