Аренада да, халықаралық байқауда да жарқырап жүрген жас талант — қазақ мемлекеттік циркінің артисі Әли Салаватов студиямыздың қонағы болды. Жонглёрлік өнерге қалай келгені, «еденге соқпалы доптармен» орындалатын күрделі нөмірдің қыр-сыры, Тула қаласында өткен халықаралық фестивальдің атмосферасы, қазылар бағасы мен кәсіби сабақтар — осының бәрін бүгінгі сұхбатта айтып береді. Сахна алдындағы толқу, ұстаздардың рөлі, цирк әулетінің жауапкершілігі және болашақтағы үлкен мақсаттар туралы әңгіме — біздің эфирде 🎪✨
