Қазақ мемлекеттік циркі әртістері «Арди» оңалту орталығы мүгедек балалардың ата-аналар қауымдастығында цирк қойылымы өтті.
Бағдарламада «Эквилибр», Талғат Оңалбаев пен Индира Тұтқабекова, «Диаболо» нөмірімен Сұлтан Сенбек, жонглер Али Салаватов, «Хула-хуп» дуэтіндегі Наталья мен Ольга Дорониндер, пластикалық этюд Мадина Ағбаева мен Милана Шамсадова, «Катушкалар» нөмірімен Владислав Степанюгалар өнер көрсетіп, балаларға қуаныш сыйлады.
Айта кетсек, Қазақ мемлекеттік циркі «Арди» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық көшпелі циркі қойылымдары мен Алматы циркінде өтетін қойылымдарға шақыртып, ұдайы қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеді.