«ALMATY CIRCUS FESTIVAL» II халықаралық цирк өнерінің фестивалі өтуде

«ALMATY CIRCUS FESTIVAL» II халықаралық цирк өнерінің фестивалі өтуде

Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркінде  «ALMATY CIRCUS FESTIVAL» II халықаралық цирк өнері фестивалі өтіп жатыр. Оған – Қытай , Жапония, Қазақстан, Аргентина, Бразилия, Португалия, Испания, Италия, Ресей, Вьетнам, Беларусь, Өзбекстан, Украина, Армения, Тәжікстан, Якутия, Қырғызстан және Эфиопия сияқты әлемнің 18 елінен келген үздік әртістер қатысуда.

 Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл фестиваль биыл екінші рет өтіп отыр. Шілденің 24-інде басталған бұл шара 28-іне дейін созылады. Онда цирк өнерінің барлық жанрларында бірегей нөмірлер ұсынылады. Бағдарламада: Эквилибристер: орындаушының қандай да бір қолайсыз жағдайда тепе-теңдікті ұстай білуі; Акробаттар: керемет ептілік пен күшті қажет ететін, көрерменді таң қалдыратын трюктер; Әуе гимнасттары: цирк күмбезінің астында таңғажайып ұшу; Даршылар: биіктіктегі тепе-теңдік шеберлігі; Жонглерлер: тіпті ең талғампаз көрерменді бей-жай қалдырмайтын виртуоздық нөмірлер; Сайқымазақтар: Армения мен Италиядан келген әлемге әйгілі сайқымазақтар көптеген күлкілі және жағымды эмоциялар көңіл күйіңізді көтереді; Үйретілген мысықтар мен  иттер бар. 

– Фестиваль барысында алматылықтар мен әсем қаламыздың қонақтары Қазақ мемлекеттік циркінде барлық континенттердің үздік цирк әртістерін және номерлерін тамашалай алады. Олар фестивальдің жоғары марапаттарын алу үшін өздерінің таланттары мен кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Фестиваль қатысушыларының өнерін 11 адамнан тұратын халықаралық кәсіби қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының құрамында қазақстандық және шетелдік цирк өнері майталмандары мен амбассадорлары  кіреді. Жалпы әлемдегі цирк фестивалдерінің  бір-бірінен айтарлықтай үлкен айырмашылығы жоқ. Тек ұлттық ерекшелігінде ғана  өзгеріс болдады. Мұнда бізщ ең алдымен ұлттық нақышты және безендірумізде Алматының тарихы мен көріктілігін көрсетеміз, – дейді Қазақ мемлекеттік циркінің директоры, Қазылар алқасының төрағасы  Мақсат Жайықов. Қазақ мемлекеттік циркінің» және «ALMATY CIRCUS FESTIVAL» бас қоюшы режиссері Марина Редько: «Біз көрермендер үшін жай ғана конкурстық бағдарлама емес, нағыз жанды, жоғары деңгейдегі заманауи цирк шоуын дайындадық. – бұл асқан батылдықтың, адамның абсолютті фантастикалық мүмкіндіктерін көрсетудің таңғажайып мерекесі болады. Биыл фестивальға арнайы ерекше жарықтандыру шешімдерімен үйлесетін ұлттық этно-стильдегі жаңа эксклюзивті дизайнерлік костюмдер тігілді, бұл балалар мен ересектерге көптеген жағымды эмоциялар мен ұмытылмас әсерлер беретін түрлі-түсті шоудың есте қалатыны сөзсіз»  – дегенді айтып отыр.

Ал алдағы жылы цирк өнеріне арналған халықаралық Астана фестивалін 15-рет өткізгелі отырған  «Астаналық цирктің» Бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген артисі  Ерік Жолжақсыновтың айтуынша, Қазақ мемлекеттік циркінің қарқындары жақсы. Алматы фестивалінің өтуінің өзі ерекше нәрсе дер едім мен. Осы жерде біз бір-бірімізді танып, өз елімізге қонаққа шақырамыз. Яғни бұл шығармашылық өсу деген сөз. Фестиваль дегеннің өзі бір-бірімізге деген сый-құрметіміз. Біз  өнер арқылы ғана әртүрлі халықты достастыра аламыз. Әлемді бір-біріне тек өнер ғана жақындата алады. Онда әр қатысушы өзінің ұлттық музыкасымен,   ұлттық киімімен, кәсіби шеберлігімен келіп танылады.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»