Pro Цирк сізді балалық шағымыздағы нағыз цирк атмосферасына қайта оралтады!
Сізді не күтеді:
• Аспанмен тілдескен акробаттар — халықаралық цирк фестивальдерінің жас жүлдегерлерінен таңғажайып өнер.
• Таңғалдырар иллюзионистер — сиқыр әлемі көз алдыңызда. Жоғалып кету, түрлену, нағыз кереметтер!
• Теңселткен доңғалақтағы трюктер — айналмалы құрылғыда орындалатын күрделі қойылымдар, көрермендер демін ішіне тартып тамашалайды.
• Жүйткіген жігіттердің джигитовкасы — қазақ цирк өнерінің мақтанышы. Қазақстанның үздік шабандоздары шауып келе жатқан ат үстінде керемет шеберліктерін көрсетеді!
• Көңілді де мейірімді клоундар — заманға сай клоунада, жаттанды емес, шынайы күлкі. Балаларға да, ересектерге де ортақ қуаныш.
• Жануарлармен қойылымдар — тапқыр, сүйкімді тоты құстар мен маймылдар көрермендердің жүрегін жаулап алады.
Әр қойылым — бұл өз алдына бір хикая, өнермен, сезіммен, шынайы сиқырмен көмкерілген.
Pro Цирк — бұл бүкіл отбасыға арналған мейрам. Мұнда бала да, ата-ана да — бақытты!