Қазақ мемлекеттік циркі көрермендерді ауқымды халықаралық гала-шоуға шақырады

Казахский государственный цирк приглашает зрителей на грандиозное международное гала-шоу

1–23 тамыз аралығында Қазақ мемлекеттік циркі көрермендерді IV «Almaty Circus Festival» халықаралық цирк өнері фестивалінің жеңімпаздары мен үздік қатысушылары өнер көрсететін ауқымды халықаралық гала-шоуға шақырады!

✨ Манежде әлемнің әртүрлі елдерінен келген әртістер заманауи цирк өнерінің ең әсерлі жанрларын ұсынады: әуе гимнастикасы, акробатика, жонглерлік өнер, эквилибр, клоунада және жануарларды үйрету өнері. Бағдарламада Ресейден келген аты аңызға айналған үйретілген аюлар, Эфиопиядан келген таңғажайып нөмір, Якутия мен Украинаның виртуоз жонглерлері, Беларусьтің әуедегі жұптық трапеция әртістері, Венгрия мен Түркияның өнерпаздары, сондай-ақ Қазақ мемлекеттік циркінің үздік нөмірлері ұсынылады. ✨

️ Билеттер Ticketon және Topbilet сайттарында, сондай-ақ цирк кассасында сатылымда.