2018 жылдың 9 наурызы мен 1 сәуір аралығында

Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына орай, Астана циркінде алғаш рет әйгілі Қазақ мемлекеттік циркінің ұжымдық гастрольдік сапары өтеді.

2018 жылдың 9 наурызы мен 1 сәуір аралығында Астана циркінде Қазақ мемлекеттік циркі «SKIFIY» атты лазерлік шоуын ұсынады.

Бұл Қазақ мемлекеттік циркінің соңғы 30 жылдағы алғашқы ұжымдық гастрольдік сапары. Әйгілі цирктің алғашқы ұжымдық гастрольдік сапары елордадан бастау алуы кездейсоқтық емес мәні зор бастама.

Қазмемцирктің тарихынан: Қазақ мемлекеттік циркінің ұжымы Бүкілодақтық ұжымдық өнер сайысында бірнеше мәрте лауреат атанды. (1978 ж., 1982 ж.) Қазақ мемлекеттік циркі 10 жыл қатарынан КСРО-ның үздік цирктік ұжымы деп мойындалды. 1980 жылы Қазақ мемлекеттік циркі ұжымына «Қазақ КСР ның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

«SKIFIY» цирктік лазерлік шоу бағдарламасында:

«Номад» – салт атты-акробаттық топ; жетекшісі, америкалық «Оскар» киноакадемиясының иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнғожинов; «Жұптық эквилибр»- «Шабыт» VI халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің алтын жүлдегерлері Талғат Оңалбаев және Индира Тұтқабекова; «Үйретілген иттер» – жетекшісі, Учао және Ухань қаласында өтетін Халықаралық цирк өнері фестивалінің қола жүлдегері Тимур Қоржұмбаев; «Акробаттық жол» – «Шабыт» XVIII Халқаралық шығармашылық жастар фестивалінің Гран-при иегерлері, жетекшісі Серік Бурашев; «Үйретілген аюлар» – жетекшісі, жыртқыш аңдардың жаттықтырушысы әйгілі Василий Доронин; «Мачтағы акробаттар» – Халықаралық цирк фестивальдерінің лауреаты Әділет Тиканов пен Камила Күркембаева; «Әуе сақинасы» -Мадина Оразалиева; «Үйретілген ешкілер» – Әсел Бейсекова; «Әуе белдігі» – Дәурен Қадіров және Саят Мұқанов; «Сира доңғалағы» – Дастан Маженов; «Рен доңғалағыі» – Фарида Аширбакиева, Дмитрий Щадко, Наталья Доронина және Жасұлан Тұрғынбай; «Әуе желкені» – Шынар Әбілғазинова; «Трансформация» – Ләззат Байтоқанова мен Жадыра Спатаева; «Кор де парель» – Мая Ұлықпанова мен Серікқазы Тiлебалды; «Лазерлік шоу» – Максим Новиков; Ертегілік қойылымда «Азия» атты биші-акробаттық топ жұмыс істейді.

Зұлымның сиқырына батырдың шынайы махаббаты ғана төтеп бере алады. Дала батыры Ер Төстіктің бастан кешкен оқиғалары цирк өнерінің тілімен бейнеленген. Мифтік батырдың жолында көптеген сиқырлы кейіпкерлердің тоғысуы күтілуде: әйгілі Самұрық құсы, Бекторы мен пері, батырдың адал досы Шалқұйрық, Ақсұлу мен көңілді дәруіштер.

Бұл қойылым ғажайып, шытырман оқиға желісіне құрылған. Бағдарлама үшін цирк жанры бойынша арнайы сценарий жазылып, жаңа таңғажайып цирктік нөмірлер мен бас айналдырарлық трюктер қойылды. Екі жүзден астам дизайнерлік костюмдер тігіліп, ерекше реквизиттер мен жаңа сахналық технологиялар қолданылды.

Сіздермен бірге ғажайып ертегі әлеміне саяхатқа аттану үшін кәсіби сценаристер мен қоюшы-режиссерлер еңбектенді. Назарларыңызға еліміздің маңдай алды композиторларының тамаша шығармалары ұсынылды. Сондай-ақ, суретші-модельерлер, хореографтар мен балетмейстерлер, дыбыс және жарық қоюшы режиссерлер, үйретілген жануарлары мен цирк әртістері өнер көрсетеді! Әртістер өз өнерлерін фантастикалық лазерлік арнайы эффектілермен, кәсіби сахналық жарық пен дыбыстардың сүйемелдеуімен, LED экрандағы трансформациялық бейнелер мен сахналайды.

Бүлдіршіндерді көктем мерекесінде естен кетпес көңіл-күймен, «Скифия» атты ғажайып ертегі әлемінің кейіпкерлерімен бірге саяхатқа аттануға шақырамыз!