Құрметті журналистер!

5 months ago admin Comments Off on Құрметті журналистер!

Жұма күні, 2 шілде сағ. 15:00. Алматы циркінде «HELLO CIRCUS» атты жаңа бағдарламасына арналған баспасөз маслихаты өтеді. Сағ. 16.00 цирктік қойылым өтеді.

Сіздерді ұмытылмас қойылымның алғашқы көрермендері болуға шақырамыз!!!

Қосымша ақпарат:

Алматы циркінде «Hello Circus» атты жаңа бағдарламамыз 2021 жылдың 3 шілдесі мен 15 тамыз аралығында болады.

Цирк ұзақ уақыттық карантинен кейін алғаш рет сүйікті көрермендеріне есігін айқара ашты!

Бағдарламада: күштік атлет, даршылар, орыс таяқшасындағы гимнастар, эквилибристер, лопингтегі вольтижер-акробаттары, әуе гимнастары, үйретілген иттер, аттар!

Ақылды жануарлар, таң-тамаша қалдыратын трюктер, көптеген күлкі, таңғажайып өзгерулер және жағымды эмоциялар! Бізбен бірге цирктің сиқырына қанық болыңыз! Алматы циркіне қош келдіңіздер!

Баспасөз-конференциясына қатысушылар:

– «Қазақ Мемлекеттік циркі» КМҚК –ның директоры Бақыт Бокебаев

– Режиссер-қоюшы Марина Редько

– Күш спортшы, армрестлингтен халықаралық спорт шебері, казак күресі бойынша спорт шеберіне үміткер, экстремалды күш спорты бойынша бірнеше рекордтардың иегері, мас-реслигтен Әлем кубогында II орын иегері Тимур Спатаев;

– «Белдіктегі әуе гимнастары» номері: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Құрманғали Досбатыровтың жетекшілігіндегі Ухань қаласында өткен ХІ халықаралық цирк өнері фестивалінің күміс жүлдегері Марина Стародубова мен Даяна Жетписова;

– Ольга Демидованың жетекшілігіндегі Монте-Карлода өткен ІХ халықаралық «Жаңа буын» цирк өнері фестивалінің күміс жүлдегері Анастасия Демидова;

– Жиронда (Испания) өткен халықаралық цирк өнері фестивалінің арнайы жеңімпаздары, Ю.Никулин атындағы Цветной бульвар циркінің XVIII Мәскеу халықаралық жастар фестивалі-цирк өнері байқауының және «Эквилибристер» II Минск цирк өнері фестивалінің қола жүлдегерлері. Адлет Тиканов;

– Ханджоуда өткен иллюзия өнерінің халықаралық фестивалінің алтын жүлдегері Лаззат Байтоқанова.

Өткізу орны: Алматы қаласы, Абая даңғылы, 50
Байланыстар жөніндегі аккредиттеу:
телефон: 8 (727) 394 48 94, 8705 571 88 08
жауапты тұлға: Нургалиева Сауле, e-mail: n.saule@circusalmaty.kz
www.circusalmaty.kz