ӘЛЕМДІК ЦИРК ФЕСТИВАЛІНІҢ АЛТЫНЫ – АЛМАТЫДА

10–13 қыркүйек аралығында Санкт-Петербург қаласындағы аңызға айналған Г. Чинизелли циркінің аренасында өткен V Халықаралық цирк өнері фестивалі «Без границ – 2026» байқауында Қазақ мемлекеттік циркінің «Номад» атты-акробатикалық нөмірі АЛТЫН жүлдеге ие болды!
Нөмірдің жетекшісі – Қанатбек Кунгожинов.
Алтын жүлдемен қатар, өнерпаздарымыз «Росгосцирк» компаниясының арнайы жүлдесін иеленіп Мәскеуде өтетін «ИДОЛ-2027» Дүниежүзілік цирк өнері фестиваліне қатысуға арнайы шақырту алды!
Қазақ мемлекеттік цирк ұжымын және барша шығармашылық топты шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңістеріңіз көп болсын! Қазақстанның көк туын халықаралық аренада биікте желбірете беріңіздер! ✨