«Цирк ханшайымы» фестивалінің Күміс тәжін Даяна Жетпісова жеңіп алды!

Қазақ мемлекеттік циркінің әртісі Даяна Жетпісова Саратов қаласында өткен XII Халықаралық «Цирк ханшайымы» фестивалінде Күміс тәж иегері атанды.

Фестиваль әлемнің 14 елінен келген үздік цирк әртістерін бір аренаға жинап, халықаралық цирк өнерінің ең беделді алаңдарының біріне айналды. Даяна К. Досбатыровтың жетекшілігімен орындалған «Покахонтас» атты әуе белбеулеріндегі әуе балансы жанрындағы нөмірімен көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Даянаны жарқын жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз! ✨

 «Цирк ханшайымы» фестивалінің Күміс тәжін Даяна Жетпісова жеңіп алды!