Балалар цирк өнерінің сиқырлы әлеміне еніп, өздерін сахна төрінде сынап көрді, деп хабарлайды 24kz.
Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркінде ерекше балалар мен көпбалалы отбасыдан шыққан бүлдіршіндерге арналған шеберлік сабағы өтті. «Бұл – жай ғана көңіл көтеру емес, жеткіншектердің өзіне деген сенімін оятады», – дейді ұйымдастырушылар.