Мәскеудегі Үлкен циркте 5 маусым күні Цирк өнері қайраткерлері одағы мен «Росгосцирк» компаниясы Президенттік мәдени бастамалар қорының қолдауымен ұйымдастырылған Халықаралық кәсіби цирк сыйлығы – “ПРИЗНАНИЕ” премиясының екінші марапаттау рәсімі өтті.
“Жылдың халықаралық серіктесі” номинациясы бойынша беделді марапатты Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Максат Жаиков иеленді.
Алматы циркі Орталық Азиядағы цирк өнерінің маңызды орталығына айналды. Ол Қазақстан мен басқа елдер арасындағы мәдени байланыстардың нығаюына үлкен үлес қосып келеді – халықаралық фестивальдер мен гастрольдік шараларды белсенді түрде ұйымдастыруда.
Шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!