Тұңғыш Президент саябағында алғаш рет Алматы цирк Шапитосының тұсаукесері өтті!

Пресс-релиз

Қала күніне орай 15 қыркүйекте Тұңғыш Президент саябағында алғаш рет Алматы цирк Шапитосының тұсаукесері өтті!

Қойылымдар сағат 12:00 және 15:00-де болды. Бағдарламаға Алматы циркінің жұлдыздары мен үздік әртістері қатысты. Ресей мен Эфиопиядан келген өнерпаздар да өз өнерлерін паш етті.
Цирк бағдарламасы алматылықтар мен қала қонақтары үшін нағыз мерекелік сыйлық болды. Көрермендер әртістерді өздерінің ыстық ықыластарымен қарсы алып, сахнадан жібергісі келмеді.
Шапито өз жұмысын 22 – қыркүйек дейін жалғастырады. Бағдарлама кезінде касса жұмыс істейді. Онлайн билеттерді ТИКЕТОН сайтынан https://ticketon.kz/ алуға болады.
Билет құны: 3000-4000 тг.
Анықтама телефоны: +7 (700) 394 49 03