Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері халықаралық фестивальде күміс тәжді жеңіп алды

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері халықаралық фестивальде күміс тәжді жеңіп алды

Құрманғали Досбатыровтың жетекшілігімен қойылған «Жаңбырда ұшу»  гимнастикалық номерін орындаған Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері Марина Стародубова мен Даяна Жетпісова Күміс тәжді жеңіп алды.

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері халықаралық фестивальде күміс тәжді жеңіп алды

22 қазанда Саратов қаласында IX халықаралық «Цирк ханшайымы» фестивалі аяқталды. Бұл тек қыздар қатысқан бірегей кәсіби шоу. Ресейдегі ең көне цирктің – ағайынды Никитиндер атындағы Саратов циркінің манежінде гимнасттар, акробаттар, жаттықтырушылар, сайқымазақтар, атшылар өнер көрсетіп, жарысты.

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері халықаралық фестивальде күміс тәжді жеңіп алды

Мұнда Ресей, Греция, Мексика, Бразилия, Франция, Эфиопия, Қытай, Перу, Германия, Қазақстан, Беларусь, Қытай, Моңғолия – барлығы 13 елдің 146 қатысушысы өнер көрсетті.

Фестивальдің қазылар алқасының құрамы әлем цирктерінің өкілдері мен түрлі елдердің сарапшыларын құралды. Олардың қатарында Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов та болды.