Мәскеулік Никулин атындағы цирктің ит-мысықтары да өнер көрсетті
Қазақ мемлекеттік циркі жаңа жылдық қойылымын көптің назарына ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ертегі және мультфильм кейіпкерлерінен құралған бағдарламаны кәсіби эквилибристер мен акробаттар және гимнасттар орындайды. Ал жануарлардан аю мен жылқылардан бөлек, Мәскеулік Никулин атындағы цирктің ит-мысықтары да өнер көрсетті. Айта кетейік, бірінші қойылым қайырымдылық іс-шарасының аясында жүзеге асқан еді. Алматы циркі алда әлі бірнеше ондаған бағдарлама ұсынуды жоспарлап отыр.
«17-желтоқсан мен 15-қаңтар аралығына дейін жоспарланған. Осы 1 айдың көлемінде 30-дан астам қойылым қоямыз. Қала тұрғындарына, қонақтарына осы циркке келіп, көрсе болады. Бұл – бекзада өнер, мәдениеттің қиын жанры. Соны келіп, тамашалауға шақырамыз», – деді Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов.