2018 жылдың 10 қаңтарында Қазақ мемлекеттік циркінде Астананың 20 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Алматы циркінің әкімшілігі, «Нұр Отан» партиясының Бостандық ауданы филиалының ақпараттық-насихаттау тобының өкілі М.А. Балгереев қатысты. «Қазмемциркі» КМҚК-ның директоры Б.А. Бокебаев аталған тақырыпта баяндама жасады .
Қазақ мемлекеттік циркінің ұжымы Астананың 20 жылдығына арнап гастрольдік бағдарламасын Астана циркіне тарту етпек. Алматы циркінің мерекелік қойылымы ағымдағы жылдың наурыз айында өтпек.